Мектеп әкімшілігі

Директор
Шымирбекова Озипа Лесбековна
Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді. Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді. Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Мамреева Гульмира Несипбековна
Лауазымдық міндеттері:
- мектепте оқу үрдісін ұйымдастыруға жене осы үрдістін дамуына бақылау жасап,
жетекшілік етуге, педагогикалық ұжымға әдістемелік жетекшілік жасауға жене кәсіби дайындығына, мектеп аумағындағы еңбек тәртібін қадағалауға, оқу үрдісінде еңбек қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің сақталуына жауапты басшылардың бірі больп
табылады.
- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады:
- мұғалімдер;
- сынып жетекшілері;
- сынып бөлмелерінің меңгерушілері, зертханашылар бағынады.
Басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының заңдарын;
- мектеп жарғысын,
- еңбек шартын;
- осы лауазымдық міндетті;
- мектептің жалпы еңбек тәртібі ережесін;
- мектеп директорының бұйрықтарын;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің жене мемлекеттік білім басқару ұйымдарының құқықтық актілері мен нормативті құжаттарын;
- білім беру стандарттарын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын.
- педагогикалық ұжым жұмысының ағымдағы жене даму жоспарын ұйымдастырады;
- мұғалімдердің және өзге де педагогикалық қызметкерлердің оқу жоспарын және
бағдарламасын орындау бойынша жұмыстарын үйлестіреді;
- барлық пәндердің сапалы оқытылуын қадағалайды;
- пендер бойынша мектепшілік бақылауды ұйымдастырады, БЖБ, ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды.;
- сабақтарға және мектептің педагогикалық қызметкерлері тарапынан өтетін оқу жаттығуларының өзге де түрлеріне қатысып, олардың түрі мен мазмұнын талдайды және талдау нәтижесін педагог қызметкерлерге жеткізеді;
- 5-11 сынып оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындау,
қорытынды аттестаттаудан өтуі бойынша жұмыстарды және Pisa халықаралық
зерттеулерге,9 сыныптарды ББЖМ-ге, 11-сыныптарды Ұлттық бірыңғай тестілеуте
дайындау жұмыстарын ұйымдастырады;
- 5-11 сынып оқушыларынын оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады;
- тарификация және басқа да бекітілген есеп құжаттарын жасауды қамтамасыз етеді;
- 5-11 сыныптарды жинақтауға қатысады;
- оқушылар тарапынан ішкі тәртіптің сақталуын қадағалайды;
- білім беру үдерісін дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді, педагогикалық кеңестің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды;
- педагогикалық кадрлардың біліктілігін және педагогикалық шеберлігін арттыруды ұйымдастырады, өз біліктілігін көтереді;
- білім беру үрдісінде еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің сақталуы бойынша
жұмыстар жүргізеді;
- мектеп директорының және жоғарғы білім органдарының бұйрықтарын мұғалімдерге
және қызметкерлерге дер кезінде жеткізілуін ұйымдастырады және оның орындалуын тексереді;
- 5-11 сыныптарда оку-тәрбие үрдісіне қатысты сұрақтар бойынша ата-аналарды
(оларды алмастыратын тұлғаларды) қабылдайды;
- қызметкерлермен, оқушылармен орын алған қайғылы окиғаларды тексеруде, өмір
қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша әкімшілік-қоғамдық бақылау жүргізуге қатысады;
- 5-11 сыньптардың сабақ кестесін жене білім беру жұмыстарының өзге түрлерінің кестесін жасайды, уақытша жұмыста болмаған мұғалімдердің сапалы және дер кезінде
алмастырылуын ұйымдастырады, жіберілген және алмастырылған сабақ есептерінің
журналын толтырады;
- педагогтардың қоғамдық ережесіне сәйкес мектептегі, қоғамдық жерлердегі этикалық
нормалардың орындалуын қадағалайды;
- оқу кабинеттерінің, зертханалардың, мектеп мүлкінің сақталуын қадағалайды:
- мектеп бойынша оқушылардың қозғалыс есебіне жауапты;
- мектеп бойынша барлық жаратылыс циклі пендеріне жетекшілік етеді, сапасына
жауапты,
- түскен хаттар мен сұрақтарды шешеді, ата-аналармен, жоғары органдармен іскерлік
байланыста болады;
- бейіндік пәндердің жүргізілуіне бақылау жасайды;
- мектеп бойынша педагог кадрардың ай сайынғы жалақы табелін жургізеді;
- үйде оқытылатын оқушылардың оқу кестесі мен сабақтарының жүргізілуіне бақылау
жасайды;
- білім беру ұйымының қызметі бойынша педагог қызметкерлерді тандауға қатысады;
Білуге міндетті:
- Қазақстан Республикасның Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім
туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан
Республикасындағы Тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Педагог мәртебесі тураль» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, «Біртұтас
тәрбие бағдарламасы»;
- педагогика мен психология негіздерін;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;
- педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың
жетістіктерін;
- енбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудын,
техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын;
- санитарлық ережелер мен нормаларды.
Құқылы:
- тікелей бағынышты қызметкерлердің жұмыстарын тексеруге, олардың өткізіп жатқан сабақтарына жене іс шараларына қатысуға, оларды бұйрықты орындауға міндеттеуге (сабақ өту барысында және іс-шаралар өту кезінде ескерту жасай алмайды);
- керек болған кезде сабақ, үйірме кестелеріне, уақытша өзгеріс енгізуге;
- қызметкерлерден қажетті мәліметтерді, құжаттарды, түсініктемелерді талап өтуге.
Лауазымына қатысты:
- мектеп директоры бекіткен 40 сағатық (онын ішінде пәнге берілген 7 сағаты
қосылады) жұмыс апталығымен құрылған.
- әр жылға өзінің жұмысына жоспарлайды. Жұмыс жоспары мектеп директорымен бекітіледі.
- өз қызметінің құзіреті аясында мектепке қатысты жұмыстар бойынша бұйрықтардың
жобасын жасайды.
- уақытша болмаған жағдайда (еңбек демалысы кезінде, денсаулық жағдайына байланысты жене т.б.) директордың жоне оның орынбасарларының міндетін атқарады.
Міндетін атқару Еңбек заңнамасы жене Мектеп жарғысына сейкес мектеп директорының бұйрығына негізінде іске асырылады.
- директорды әртурлі деңгейдегі жиналыстарда жене семинарларда алынған ақпараттармен дер кезінде құлағдар етеді.
Қосымша міндеттері:
Математикалық- жаратылыстану бағытында оқытылатын пәндердің оқытылу сапасына бақылау жүргізеді.
- Мектептің оқ жақ II қабатындағы дәліз бен кабинеттердің жабдықталуына әдістемелік көмек, нұсқау береді, санитарлық тазалығы мен талапқа сай безендірілуін қадағалайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
-жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық өтілі кемінде 3 жыл;

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Кентаева Жазира Махатаевна
Лауазымдық міндеттері: Оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтардың жұмысын, сондай-ақ қажетті құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді.
Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарын тексереді, басшылыққа бекітуге келіседі және ұсынады; Білім беру процесінің сапасын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады; ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Білім беру үдерісіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Пәндер бойынша мектеп ішілік бақылауды ұйымдастырады және іске асырады, білімді шектеуді өткізеді, мектеп ішілік бақылаудың нәтижесі бойынша білім сапасын, бөлімді және тоқсанды суммативті бағалауды талдайды. Пән бойынша білімді тематикалық бақылаумен қамтамасызетеді.
Білім алушылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және жұмыс оқу жоспарының вариативті компонентінің сабақтарының кестесін жасайды.
Білім алушылар мен педагогтардың олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады. Білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады,ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді.
Педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды. Тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санатын беру (растау) бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқу кабинеттерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықтау, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру бойынша ұсыныс береді және жұмысты жалғастырады, баламалы оқулықтарды іске асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді алуға өтінімді ұйымдастырады, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстар, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру. Кітапхана қорын қажетті әдебиеттермен толықтыруға жыл сайын өтінімді енгізеді. Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кері байланысты ұсына отырып педагогтердің сабағына қатысады және талдау жасайды. Оқу процесін жетілдіру бойынша тренингтер, оқыту семинарларын, оқу әдістемелік сағаттар өткізеді. Педагогикалық кеңестің тәртібі мен материалдарын әзірлейді Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Қосымша міндеттері:
- бастауыш сыныптардағы сабақ кестесінің талапқа сай қойылуын, оқу сағаттарының жүйелі жүруін, сабақтарды босату мен ауыстыруды есепке алуды жүргізеді;
- бастауыш оқу пәндері бойынша жазба жұмыстар кестесін жасайды, талапқа сай жүргізілуін бақылайды.
- 2-4 сыныптар бойынша білім сапасының мониторингі мен оқу үлгеріміне талдау жасайды;оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстарды үйлестіреді, оқу озаттары мен оқу екпінділерінің білім деңгейін бақылауға алады;
- 1-4 сынып оқушыларының күнделікті сабаққа қатысуын қадағалайды;
-1-4 сыныптардағы (қазақ және орыс) сынып оқушылардың жұмыс және бақылау жұмысы дәптерлерінің сапалы жүргізілуін, толтырылуын бақылап, тексереді;
-2-4 сыныптардағы үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын жүргізеді, оны қадағалайды.
-мектептің бірінші қабатындағы оң жақ дәліз бен пән кабинеттерінің жабдықталуына әдістемелік көмек, нұсқау береді, санитарлық тазалығы мен талапқа сай безендірілуін қадағалайды;

Директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары
Тулендиева Назым Сайлаубековна
Лауазымдық міндеттері: Әдістемелік (ғылыми-әдістемелік) кабинет қызметін басқарады, қызмет бағыты бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, бірлестік жетекшілердің жұмысын үйлестіреді.
Педагогтарды оқытуды қамтамасыз етеді, инновациялық әдістемелік материалдарды, технологияларды, әдістемелерді игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді.
Білім беру процесін жетілдіру және әдістемелік жұмысты басқару бойынша ұсыныстар енгізеді.Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді.Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандарттарында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады.Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады.
Қосымша міндеттері:
- оқу үдерісінде әдістемелік жұмысты ұйымдастырады;
- оқу үдерісіне жаңа білім технологияларын ендіруді ұйымдастырады;
- жас мамандар тобының және шығармашылық топ мүшелеріне әдістемелік көмек береді;
- пән мұғалімдерінің озат іс- тәжірибелерін насихаттайды, оларға әдістемелік көмек ұсынады, біліктілікті арттыру курстарынан өтуін қадағалап, қамтамасыз етеді.
- мұғалімдерді әдістемелік-нұсқаулық хаттармен, нормативті актілермен (бұйрық, ереже, нұсқаулық т.б) таныстырады;
- озат педагогикалық тәжірибелерді тарату мақсатында семинарлар ұйымдастырады, озат тәжірибені анықтайды, танысады, насихаттайды;
«Мектепеке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №83 бұйрығы бойынша аттестатталушы адамның қызметінің өтініш берген біліктілік санатына сәйкестігін белгілеу үшін құжаттарын қабылдайды;
- аттестациядан өтетін мұғалімдердің дайындық жұмыстарына көмек көрсетеді және мұғалімнің жинақ папкаларын рәсімдеуге атсалысады;
- тарих және құқықтану, көркем эстетикалық пәндер, дене шынықтыру пәндерінің оқытылу сапасына бақылау жүргізеді;
- мектептің психологтарымен бірлесе отырып, дарынды балалармен жұмыстарды үйлестіреді, оқушыларды түрлі интеллектуалдық ойындар мен байқауларға, конкурстар мен олимпиадаларға қатыстыруды қамтамасыз етеді;
- пән олимпиадасына дайындық жұмыстарының үздіксіз жүргізілуін бақылайды, мектептің ОҒҚ жұмысын басқарады, оқушылар мен пән мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына көмек береді;
- мұғалімдер арасында ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен семинар-практикумдарға, семинар- тренингтерге, консультациялық кеңестерге қатысуға жағдай жасайды, көмек береді;
- пән мұғалімдерінің сабақ жоспарлары, баяндамалары, әдістемелік құралдарының БАҚ беттеріне жариялауға қолдау көрсетеді;
- мектептің ІІ сол жақ қабатындағы дәліз бен пән кабинеттерінің жабдықталуына әдістемелік көмек, нұсқау береді, санитарлық тазалығы мен талапқа сай безендірілуін қадағалайды;
- пән мұғалімдерінің сабақтарына және сыныптан тыс жұмыстарына қатысып, талдайды, сараптама жүргізеді, әдістемелік көмек береді;
- сабаққа қатысу, оқыту тәртібін сақтайды.Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды.Педагогтер мен оқушылардың байқауларға, олимпиадаларға қатысуын қамтамасыз етіп жұмысты ұйымдастырады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жарылкасынова Айгуль Болатовна
Лауазымдық міндеттері:
тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
кәсіптік бағыт беру жұмыстарына басшылық жасайды;
есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
"Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Қосымша міндеттері:
- Ұл балалармен және қыз балалармен тәрбиелік іс -шаралар өткізеді.
-Салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жүзеге асырады және басқа қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыстар жүргізеді.
-5-11 сынып оқушылардың күнделіктерінің талапқа сай болуын қадағалайды. Сынып жетекшілерімен тығыз байланыста тәрбиелік іс- шараларды жүзеге асырады. Сыныптан тыс шаралар мен сынып сағаттарының талапқа сай жүргізілуін бақылайды.
-Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі пәндерінің оқытылу сапасына бақылау жүргізеді;
-Мемлекеттік тілдің сапалы жүргізілуіне басшылық жасайды, бақылайды;
-Мектептегі барлық іс- шаралар мен байқау, конкурс, жарыстардың өткізілуіне басшылық жасап, қадағалайды.
-Мектептің жұмыс жоспарының оқушы компонентінен берілген сынып сағаттарын қадағалайды, бақылау жасайды.
-Оқушылардың өзін -өзі басқару ұйымының жұмысын қадағалайды, оқушылар қоғамдық бірлестігінің жұмысын үйлестіреді.
-мектептің І сол жақ қабатындағы дәліз бен пән кабинеттерінің жабдықталуына әдістемелік көмек, нұсқау береді, санитарлық тазалығы мен талапқа сай безендірілуін қадағалайды;
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Турманбетова Арайлым Манарбековна
Лауазымдық міндеттері:

Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасыры
Мейманханов Айбек Амангелдіұлы
Лауазымдық міндеттері:
- жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингісін жасайды;
- бейінді оқыту, әр түрлі деңгейлі бағдарламаларды іске асыру бойынша өз лауазымдық міндетіне кіретін қызметтерді перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
- бейінді оқыту бойынша таңдау және қолданбалы курстардың бағдарламаларын әдістемелік - бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді;
- оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлейді;
- педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша жұмыс атқарады;
- білім алушыларға түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, «мектеп-жоо», «мектеп-колледж-жоо» үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді;
- жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді;
- өз лауазымдық міндеттеріне сәйкес мектеп бойынша бұйрықтар жобаларын әзірлейді, өзіне тиісті мектеп құжаттарының сапалы және уақытылы жүргізілуіне жауап береді;
- кезекші әкімшілік міндеттерін орындау барысында 5-11 сыныптарда оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын, оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын және мектептің ішкі жұмыс тәртібінің бірыңғай талаптарының орындалуын бақылайды;
- 1-11 - сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ, қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді;
- пән мұғалімдерінің сабақтарына және сыныптан тыс жұмыстарына қатысады, талдау жасайды, сараптама жүргізеді, әдістемелік көмек береді, кәсіби диагностикалау жұмыстарын жүргізеді;
- оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, соған байланысты әдістемелік көмек, нұсқау береді.
- Білім беру ұйымдарын цифрландыру, ақпараттандыру, оны ресурстық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды енгізеді және пайдаланады, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады.
- Жұмыстың тиісті бағытындағы кадрларды іріктеуді жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады.
- Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагог кадрларды оқытуды ұйымдастырады;
- Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды.
- Білім беру ұйымдарында цифрландыру процессін қамтамасыз етеді.
- Оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және жетілдіру, Қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
- Санитарлық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді, белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.
- Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары
Маямирова Раушан Арганбековна
Лауазымдық міндеттері:
- Жалпы ережелер
1.2. Директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметке мектеп директоры тарапынан тағайындалады және босатылады. 1.3. Директордың әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары кезекті еңбек демалысына шыққанда немесе уақытша еңбекке жарамсыздық жағдайында болғанда оның міндеттерін мектептің шаруашылық меңгерушісі атқарады. Бұл жағдайда міндеттерді уақытша атқару мектеп директорының еңбек заңнамалары талаптарын сақтай отырып шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
1.4. Директордың әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарында жоғары кәсіптік білім және педагогикалық, не басшылық лауазымдар бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуы тиіс. Арнайы даярлығы немесе тиісті жұмыс стажы жоқ, бірақ практикалық тәжіибесі жеткілікті және өзіне тапсырылған міндеттерді сапалы әрі толығымен орындайтын тұлға, ерекшелік ретінде директордың әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарлығына тағайындалуы мүмкін. Егер мектеп штатында электрик болмаса, мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары электр қауіпсіздігі жөнінен 4-топтағы қол жеткізілімге ие болуы тиіс.
1.5. Мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары тікелей мектеп директорына бағынады.
1.6. Директордың әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарына кіші қызмет көрсетуші персонал жұмыскерлері, шаруашылық мәселелері бойынша сынып жетекшілері, кабинеттерге жауапты тұлғалар тікелей бағынады.
1.7. Өз қызметінде мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары ҚР Конституциясы мен заңнамаларын, ҚР Президенті жарлықтарын, ҚР Үкіметі мен білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдардың білім беру мекемелері қызметіндегі әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі шешімдерін; еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, сондай-ақ мекеме жарғысы мен мектептің жергілікті құқықтық актілерін (соның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, директордың бұйрықтары мен өкімдерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім-шартын) басшылыққа алады. Мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Бала құқықтары туралы конвенцияны сақтайды.
- Функциялары Мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары атқаратын негізгі қызмет бағыттары мыналар болып табылады: 2.1. мектептің шаруашылық қызметі;
2.2. оқу процесін материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету.
2.3. еңбек пен оқудың салауатты және қауіпсіз жағдайлары режимін қамтамасыз ету.
2.4. мектеп ғимараты мен орын-жайларын ҚР заңнамаларында белгіленген тәртіпте ұстау.
2.5. оқу-тәрбие процесін (ОТП) коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету.
- Лауазымдық міндеттері Мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары мынандай лауазымдық міндеттерді атқарады:
3.1. Мектептің шаруашылық қызметін басқарады, оған ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді ұйымдастырады.
3.2. Мектеп материалдық құндылықтарының, мүліктерінің, жиһаздары мен инвентарларының ҚР заңнамаларында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікпен сақталуын мойнына алады.
3.3. Шығын сметасында қарастырылған жергілікті бюджет қаржысы есебінен мектеп әкімшілігін кеңсе тауарларымен, күнделікті қолданылатын шаруашылық заттарымен қамтамасыз етеді.
3.4. Мектептің жаңа оқу жылына дер кезінде дайын болуын қамтамасыз етеді.
3.5. Мектеп ғимаратының, жабдықты орындарының, сыныптарының, оқу кабинеттерінің, шеберханаларының, спорт залының, басқа да орын-жайлары мен мүліктерінің, медициналық кабинеттің, асхананың, буфеттің тіршілік қауіпсіздігі нормалары мен ережелеріне сәйкес шаруашылық қызмет көрсетуін және тиісті техникалық, санитарлық-гигиеналық жағдайда ұсталуын, қажетінше күтім жасалуын жүзеге асырады.
3.6. Мектеп материалдарының, судың, электр және жылу энергияларының, қаржы қаражаттарының тиімді жұмсалуын бақылайды.
3.7. Мектеп территориясын көріктендіру, көгалдандыру және жинап тазалау жұмыстарын басқарады.
3.8. Өзіне баныстағы мектептің техникалық және кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарына бағыт беріп, қызметкерлердің осы категориясы жұмыс уақыттарын есепке алады.
3.9. Мектеп мүліктерін инвентарлық есепке алуды, мүліктерге инвентаризация жасап, есеп беру құжаттарын дер кезінде жасайды, өзіне бекітілген жұмыс учаскесі бойынша құжаттама жүргізеді.
3.10. Мектептің шаруашылық дербестігін кеңейту, коммуналдық және басқа қызмет көрсету түрлері бойынша дер кезінде қажетті шарт жасау жөнінде тиісті шаралар қабылдайды.
3.11. Мектептің негізгі ғимараты мен өзге де орын-жайларын, технологиялық, энергетикалық жабдықтарын пайдалану кезінде еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын, олардың мезгілімен тексеріліп, бақыланылуын қамтамасыз етеді.
3.12. Мектеп территориясында ауыр нәрселер тасымалдау, түсіру-тиеу жұмыстарын атқару кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
3.13. Мектеп ғимараты мен құрылымдарының өрт қауіпсіздігін сақтауды ұйымдастырады, өрт сөндіретін құралдардың дұрыс болуын бақылайды.
3.14. Оқу кабинеттерін, шеберханалар, тұрмыстық, шаруашылық және басқа орын-жайларын тіршілік қауіпсіздігі ережелері мен нормаларына, еңбек қауіпсіздігі стандарттарына сай жабдықтар және инвентарлармен қамтамасыз етеді.
3.15. Электр қондырғылары мен электр желілерінің, жерге қосу қондырғыларының оқшаулағыш қарсылық күштерін өлшеу, жылу желісі мен сығымдалған және сұйытылған газ түрлеріне арналған баллондар қысымында жұмыс істейтін сауыттарды мезгілдік сынақтан өткізу мен куәландыру, нормативтік талаптар мен еңбек қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес ауа құрамындағы шаң, газ, зиянды заттар буы мөлшерін талдау, жарықты өлшеу, радиацияның, шудың бары-жоғын тексеру шараларын жүргізуді ұйымдастырады.
3.16. Кем дегенде 5 жылда 1 рет техникалық персоналға арналған жұмыс түрлері бойынша еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірлеуді ұйымдастырады.
3.17. Техникалық және қызмет көрсету персоналдарын жұмыс орнында үйретуді және нұсқамалар беруді (алғашқы және мерзімдік) ұйымдастырады. 3.18. Өрт қауіпсіздігі инвентарларының есебі алынуын және сақталуын, жұмсақ және қатқыл инвентарлардың құрғатылуын, жуылуын және жөнделуін қамтамасыз етеді.
3.19. Судың, электр энергиясының, жылудың жұмсалу шығынын есептеу приборлары көрсеткіштері негізінде есеп жүргізеді.
- Құқықтары
Мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары өз құзіреті аясында мыналарға құқылы:
4.1. мектептің техникалық және қызмет көрсету персоналдары қатарынан өзіне қарасты жұмыскерлерге орындалуы міндетті өкімдер мен нұсқамалар беруге;
4.2. Мүліктердің бүтіндігін, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария мен еңбек қорғау ережелерінің сақталуын бақылау үшін мектептің кез келген орын-жайына, білім беру процесінің қалыпты ағымын бұзбастан, кедергісіз кіруге; 4.3. Мектеп директорына мектеп қызметкерлерін мекткеп мүлкін бүлдіргені және еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс тапсыруға.
4.4. Техникалық және қызмет көрсету персоналы еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныс ендіруге, жұмыскерлердің бұл категориясын наградаларға және ынталандыру сыйлықтарына ұсынуға.
4.5 Мектеп директорының міндетін атқарған кезде директордың орнына қол қою құқығына ие және барлық міндеттері мен функциялары жүктеледі.
- Жауапкершілігі
5.1. Мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары оқу орны мүліктері мен шаруашылық инвентарларының сақталуына, олардың дер кезінде қайта жаңартылып, толықтырылып отыруына, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша заң жүзінде белгіленген ережелердің орындалуына жауап береді.
5.2. Мекеме жарғысы мен Мектептің ішкі еңбек тәртібі ережелерін, мектеп директорының заңды өкімдерін және жергілікті нормативтік актілерді, осы нұсқаулықта қарастырылған лауазымдық міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны, соның ішінде өзіне берілген құқықты пайдаланбағаны үшін метеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары еңбек заңнамаларында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде қызметінен босатылуы мүмкін.
5.3. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өрт қауіпсіздігі, еңбек қорғау, санитария-гигиена ережелерін бұзғаны үшін мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары әкімшілік заңнамаларында қарастырылған тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
5.4. Өз лауазымдық міндеттерін атқару (атқармау) кезінде мектепке немесе білім беру процесіне қатысушыларға келтірген зияны үшін мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары еңбек заңнамасында және (немесе) азаматтық заңнамаларда белгіленген тәртіп пен көлем шегінде материалдық жауапкершілікке тартылады.
- Өзара қарым-қатынас. Лауазым бойынша байланыстар Мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары:
6.1. 40 сағаттық жұмыс аптасы негізінде жасалып, мектеп директоры бекіткен график бойынша нормаланбаған жұмыс күні режимінде еңбек етеді. 6.2. өз жұмысын әр оқу жылына және әр оқу тоқсанына арнап дербес жоспарлайды. Жұмыс жоспары мектеп директоры тарапынан жоспарлы кезеңнің басталуына кем дегенде бес күн қалғанға дейін бекітіледі.
6.3. оқу тоқсаны аяқталған соң 10 күн ішінде директорға өз қызметі туралы машинкамен басылғанда бес беттен аспайтын көлемде жазбаша есеп тапсырады.
6.4. мектеп директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдық-әдістемелік сипатта ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады.
6.5. мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық қызметі мәселелері бойынша бұйрықтарына виза қояды.
6.6. өз құзырына енетін мәселелер бойынша мектеп қызметкерлерімен, оқу-тәрбие процесін материалдық-техникалық және коммуналдық қамтамасыз ету мәселелері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық станциямен, өрт қауіпсіздігі, медициналық қызмет көрсету, апат қызметі орындарымен жүйелі түрде ақпарат алмасып отырады.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қолдау кабинетінің әдіскері
Жуанышева Камшат Ержанқызы
міндеттер жазу керек

Психолог
Муленбаева Гулбану Мурасовна
Лауазымдық міндеттері: Оқушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек көрсетеді;
білім беру ортасы жағдайында педагогтердің, ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің психологиялық-педагогикалық мәдениетін қалыптастырады және білім беру процесіне қатысушылар арасында толеранттылықты қалыптастыруға ықпал етеді;
инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді, психологиялық көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды;
білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дамыту бағдарламаларын әзірлейді;
әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
дарынды білім алушыларға психологиялық қолдауды жүзеге асырады;
білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық проблемаларды шешуде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтерге, ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультациялық көмек және психологиялық қолдау көрсетеді;
педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың және тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілікті үздіксіз арттырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларын қолданады;
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;
кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-педагогикалық принциптерін басшылыққа алады;
білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін сұраныстарды ескере отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін әдістер мен әдістемелерді айқындайды;
жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе физиологиялық қиындықтардың себептерін саралайды;
білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру мүмкіндіктерін талдайды;
жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер өткізеді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;
білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу-танымдық қызметіндегі және әлеуметтенуіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының өз ішінде және одан тыс тиісті бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.